24.11.2021, 18:54
Оқылды: 84

Сырым ауданында жыл үздіктері марапатталды

Сырым ауданында дәстүрге сай кезекті «Жыл үздігі - 2021» жастар премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев қатысты.

E481348A-BC8F-4823-BAF5-8228F24554A2

Үздіктер шеруінде аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы «Жыл жаңалығы» номинациясын Гауһар Рустамоваға, «Үздік жас ұстаз» Арман Ғабдықұлға, «Үздік жас полиция қызметкері» Сағындық Кдыровқа диплом мен премия табыстады.

4040ED85-A43C-496A-B98A-B7360CB2333C

Батырхан Нухиев «Үздік волонтер» атағын, Есбол Нетқали «Үздік жас мәдениет қызметкері», Әсем Шукатова «Үздік жас мемлекеттік қызметші», Тілекбай Кәрім «Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері», Нұрсұлтан Мырзахметов «Үздік жас спортшы» аталымдарымен марапатталды.

4D952291-9E30-459A-AE5F-0499E2ED850B

«Үздік жас тілші» номинациясына Айжан Амангельдина, «Үздік жас кітапханашы» Көркем Мамбеталиева, «Үздік жас медицина қызметкері» Бақытнұр Уалиева, «Үздік жас ауылшаруашылық қызметкері» Маханбет Мақсот, «Үздік мектеп көшбасшысы» аталымына Ақбота Ширмедин лайық деп танылды.

CE99929D-7BAF-402B-87C1-F162DCEBB717

Үздіктер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале