22.02.2024, 11:15
Оқылды: 9

Сырым ауданында жылжымалы дүкен ашылды

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы «Bymerang» үйірмесінің волонтерлары жылжымалы дүкен ашты. 

PHOTO-2024-02-16-21-50-57

Бұл дүкен пайда табуды көздеген не алып сатумен айналысатын дүкен емес. Жылжымалы дүңгіршіктің мақсаты - өзгеше.  Бұл жерде сөрелердегі тағамдар мен тәттілерді оқушылар өздері үйлерінен пісіріп әкелген.

PHOTO-2024-02-16-21-50-24

Еріктілер дөңгелекті дүкендерін аудандық әкімшілік, ұстаздар үйіне және мәдениет сарайына апарды. Халық балалардың тәттілері мен тағамдарын бір сағаттың ішінде түгел сатып алды. Үйірме оқушыларының қайырымдылық акциясына мекеме қызметкерлері бір адамдай қатысты. Санаулы сағатта 71 400 теңге жиналды. Бұл қаражат толықтай көмекейдің қатерлі ісігіне шалдыққан жерлесіміз Венера Матылованың еміне аударылды. Қайырымдылық шараның ұйымдастырушысы және  үйірме жетекшісі - Гүлшат Нұрболатқызы.

 

Нұрболат Жұмағазиев,

штаттан тыс тілші

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале