14.03.2024, 23:32
Оқылды: 61

Сырым ауданында жымпитылық қариялардың басы қосылды

Наурызнама он күндігі және "AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында, аудан әкімдігі мен аудандық ардагерлер кеңесінің қолдауымен Сырым ауданында алғаш рет Көрісу айт мерекесінде жымпитылық қариялардың басы қосылды.

IMG_2606

"Жасмин" мейрамханасында өткен мерекелік жиында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қарияларды Амал мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

InShot_20240314_232835266

Мерекелік көңіл күймен жиналған әр саланың ардагерлері, ауыл қарттары "жыл құтты болсын!" десіп, кезек-кезек тілектерін айтып, бата берді.

Әдемі тілектерді халықтық "Сырым сазы" фольклорлық ансамблі, Армат Жұмагелдиев пен Алмагүл Жұма "Қос қайың" халық әнін, Армат Алдамжаров "Қазақты көргім келеді", Алмаз Елшібеков "Наурыз" деп әуелетсе, Айгүл Сисенова "Ел аман болсын" әнімен кештің нүктесін қойды.

InShot_20240314_232906745

Жиынға келген қарттар жанды дауыста есті, ескі әндерді шырқап, "Амал мерекесіндегі осындай жиын жалғасын тапсын!" деген тілекпен тарқасты.

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале