13.06.2024, 0:00
Оқылды: 56

Сырым ауданындағы тұрғын үйлер құрылысы 40%-ға орындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу үшін Батыс Қазақстан облысына келгенде: 

IMG_1814

- Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмек көрсетеді. Оған еш алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады, – деген еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы Сырым ауданы бойынша өз деңгейінде орындалуда. Ай бұрын ауданда баспанасы тасқыннан зардап шеккендер үшін жаңадан 114 үйдің құрылысы басталды.

Құрылыс жұмыстарының қарқынды екені көрер көзге анық байқалады. Мәселен, Өлеңті ауылының оң бетінен бірер аптаның ішінде жаңа көше пайда болды.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлеповтың берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Бұлдырты ауылында 25 үйдің, Жымпитыда 49, Өлеңтіде 39 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Бұған қоса, Көздіғара ауылынан да 1 үй салынуда.

- Иә, тасқын айтарлықтай зардап тигізді. Бірақ, жағдай оңалып келеді. Сырым ауданындағы құрылыс жұмыстарын қаржыландырушы - “Қазақстан халқына” қоры. 8 мердігер компания міндеттемелерін қабылдап, дереу жұмысқа кірісті. Тұрғындардың көбі үйлерін жаңа орынға салуда сұрады. Кейбірі ауласында қалды.

Қазіргі таңда 74 үйдің қабырғасы тұрды. Құрылыс басында 283 қызметкер еңбек етуде, - дейді аудан әкімінің орынбасары Төлепов мырза.

Үй құрылысы іргетас, қабырға, шатыр және ішкі жұмыстар деген 4 позициядан тұрады десек, алғашқы екі деңгей аяқталуға таяу. Жалпы, Сырым ауданындағы баспана құрылысы 40 пайызға орындалды деуге болады.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале