19.03.2020, 10:47
Оқылды: 173

Сырым ауданының әкімі 100 балаға қуаныш сыйлады

5CC69A30-BAE9-4DDF-888D-3CAEC9D9DF24Қоғам белсенділері Наурызды ай бойына тойлау, мейрамға халықтық маңыз беру жөнінде ұсыныс көтерген еді. Бұл үрдіс Сырым ауданында дәстүрге айналғалы қашан. Соның бірі - аудандық "Сырым елі" газетінің ұсынысы негізінде жүзеге асқан Сырым ауданы әкімінің балаларға арналған Наурыз тойы.

Қазір еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланды. Мерекелік іс - шаралар тоқтатылды. Алайда аудан әкімі Төлеген Төреғалиев өзінің жас достарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауды ұмытқан жоқ.

 Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жыл сайынғы дәстүр бойынша ұлыстың ұлы күнімен балаларды құттықтап, үйлеріне арнайы барды.

Наурыз мейрамына орай балаларға төртінші жыл қатарынан аудан бойынша 100 балаға сыйлық беру жоспарда болса, соның 60-ы дарынды, оқуда озат балаларға, 40-ы ерекше күтімді қажет ететін балаларға аудан әкімі тәттілер сөмкесі мен күртешелер сыйлады. Облыс әкімінің арнайы сыйлықтары және бар. Олар 6 балаға болса, соның 3-і Жымпиты, 1-і Сарой, 1-Қособа, 1-і Бұлдырты ауылдық округтеріне табысталмақ.

Үй-үйді аралап, балаларға көңіл бөліп, сыйлықтар сыйлаған аудан әкімі балалар мен отбасыларына амандық тіледі. Балаларының қуанғанын көріп, ата-ана да мәз, балалар да шат-шадыман. Ата-аналар облыс, аудан басшылығына алғыстарын білдірді.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале