9.11.2023, 11:45
Оқылды: 45

Сырым ауданының әкімі баспасөз мәслихатын өткізді

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында журналистер үшін брифинг өткізді. Баспасөз мәслихаты халыққа «AQJAYIQ»арнасының тікелей эфирі арқылы таратылды.

IMG_8202

Жұмагелді Батырниязов эфирде Сырым ауданында «Ауыл - ел бесігі» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыспен мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Сырым ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту ширақ жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы - соның дәлелі.

- «Ауыл аманаты» жобасын аудан көлемінде іске асыру бағытында ауданымыздың барлық ауылдық округінде скрининг жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 887,6 млн. теңгені құрайтын 125 тұрғынның өтінімі қабылданып, 57 несие алушыға 475 млн 90 мың теңге қаржы аударылды. Барлық жоба жүзеге асқан жағдайда 144 жаңа жұмыс орны ашылады. «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауданда 8 АШӨК құрылды.

Бағдарлама аясында 842 бас (соның ішінде асыл тұқымды 155) сүтті бағыттағы ірі қара, 43 бас етті бағыттағы аналық ірі қара, 78 бас бұқа, 3772 бас (соның ішінде асыл тұқымды 341 бас) ұсақ мал, 5233 бас құс  (соның ішінде 5000 бас қаз), 10 дана техника және құрал-жабдық сатып алынады, - деді Сырым ауданының әкімі.

Биыл Сырым ауданы бойынша құны 6 млрд. 444 млн теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде қазіргі таңда Алғабас, Қарағанды, Шағырлой ауылдарын ауыз сумен қамту, Өлеңті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы, Алғабас ауылдық мәдениет үйін және Көгеріс ауылдық медициналық пунктін күрделі жөндеу, Сасықкөл ауылын газбен жабдықтау аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Мұның сыртында Өлеңті және Құспанкөл ауылдарында құны 57,3 млн.теңгені құрайтын спорт алаңдары салынды.

- Бүгінгі таңда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Алғабас ауылдық мәдениет үйі, Бұлан ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункті күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Қала берді, Тоғанас ауылындағы мәдени-демалыс орталығының құрылысы 2 жылдық жоба болғандықтан жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстың 80 пайызын орындап, қалғанын 2024 жылдың мамыр айына дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді бұл жоба туралы аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.

Халықтың сапалы тұрмысының бір кепілі - жол. 2024 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Бұлдырты ауылының К.Оңғарбеков, Б.Момышұлы, О.Сапиев, Құрманғазы, Ершуриев, С.Датов көшелерінің ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

- «Ауылдық медицинаны жаңғырту» жобасы аясында Өлеңті ауылында құны 291,5 млн.теңгені құрайтын фельдшерлік-акушерлік пункті, Көгеріс ауылдық медициналық пунктінің ғимараты халық игілігіне берілді. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қособа ауылына дейінгі 29 шақырым кірме жол жөндеуден өтуде. Жоба - үш жылдық. Өткен жылы жалпы құны 3 млрд. 179 млн. теңгені құрайтын 10 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмысы басталып, «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында бүгінгі күні Алғабас, Қарағанды, Шағырлой елді мекендерін ауыз сумен қамту бойынша жұмыс аяқталып, пайдалануға берілген. Сонымен қатар Бұлан, Жамбыл, Қособа, Жырақұдық, Көздіқара, Көгеріс, Қызылағаш ауылдарын жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда аудан халқының 96,4% сапалы ауыз сумен қамтылады, - деді Жұмагелді Батырниязов.

Аудандағы көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Аралтөбе және Қосарал ауылының кірме жолдарына және тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Өлеңті және Жымпиты ауылішілік жолдарының жобалары дайындалып, тиісті басқармаларға ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ 2024 жылы Құспанкөл ауылынан 60 орындық шағын жинақты мектеп ғимаратын салу, Жымпиты ауылынан мемлекеттік мұрағатының құрылысы, Бұлдырты ауылында жаңадан дәрігерлік амбулатория және Шағырлой ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы, Самара-Шымкент тас жолының бойында орналасқан Жымпиты ауылындағы Алаш Орда көшесін жарықтандыру жұмысы бойынша жобалар жасақталып, қаржы көздеріне сәйкес орындалады.

 

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале