23.05.2022, 12:15
Оқылды: 95

«Сырым елін» әкеміздің көзіндей көреміз»

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, елге белгілі қаламгер Амантай Боранқұлдың есімі көзі қарақты оқырманға жақсы таныс.
a52436cd4b844602b5a420286c51efac
Елге бергенінен берері көп, тарихи деректер жинап, мақалалар жазуда оқ бойы озық жүретін Амантай аға бүгінде ортамызда жоқ. Десек те, Амантай Боранқұлдың қыздары Жаннат және Эльмира Боранқұловалар жақында аудандық газеттің редакциясына арнайы келіп, әкелерінің сақтап жүрген қолжазбаларын, қолданған дүниелерін мұражай қорына сақтау мақсатында ұсынды.
- Әкеміз қызмет атқарған редакция біздер үшін тым ыстық. Ғимаратты көргенде әкемізді көргендей елеңдеп, әкеміз жүрген жолды, өткен күндерді сағына еске аламыз. Осы келгенде де сол сағынышпен келдік. Әке рухына тағзым ретінде он оқырманды «Сырым елі» газетіне екінші жартыжылдығына демеуші ретінде жаздыруды ұйғардым, – дейді Жаннат.
Мүсірбек Әлібекұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале