17.05.2023, 21:48
Оқылды: 14

«Сырым елін» ҚР Президенті орталығы қолдайды

Белгілі кәсіпкер, сырымдық жерлесіміз Махамбет Өтепбергенов редакциямызға хабарласты. Әр жылдары ауданда өткізілетін мәдени-спорттық іс-шараларға  демеушілік танытып жүрген Махамбет Қабайұлы аудан айнасы «Сырым елі» газетінің тұрақты қолдаушысы, саройлық жерлестерді өз қаражаты есебінен газетке жаздыруды ұмытпайтын мәрт азамат. Махамбеттің бұл жолғы хабарласуының жөні тым бөлек болды.

InShot_20230517_214545515

- Сонау 1980 жылғы Абай орта мектебінің түлектері әр қиырда, түрлі қызметтеміз. Айтайын дегенім, еліміздің бас қаласы Астанадағы ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты дәрігері Гүлнар Зейноллақызының туған елге деген құрметі, сыйластығы төңірегінде болмақ. Гүлнардың әкесі Зейнолла Мұхамбетқалиев Абай кеңшарында ұзақ жылдар кеңшар директоры болса, анасы Райса ұлағатты ұстаз болды.  Ал мектепте зеректігі, қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көрінген Гүлнар Зейноллақызы бүгінде ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының білдей дәрігері.

Сырым ауданындағы өзгеріс, жаңалықтарды үнемі біліп, хабарласып отыратын Гүлнар өмірден ерте кеткен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевтің есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында сыныптастарымен байланыс орнатып жұмыстың өз деңгейінде шешілуіне қайсарлық танытты.

Аудандағы өзгеріс, жаңалықтарды газеттен, әлеуметтік желіден біліп отыратын Гүлнар Зейноллақызы ауылдағы табысы аз он отбасыны «Сырым елі» газетіне жаздыруды да өз атынан аманат етті, - дейді Махамбет Қабайұлы.

Сонау Астанада жүрсе де туған еліне деген сағынышты сәлемін жеткізген ҚР  Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты дәрігері Гүлнар Зейноллақызына (суретте) елдің атынан мың алғыс айтамыз.

Мүсірбек Әлібекұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале