21.10.2021, 15:39
Оқылды: 66

«Сырым елінің» парақшасы да – үздік!

Осыған дейін «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің өзі де, журналистері де жүлдегер болып келді. Міне, газетіміздің Facebook әлеуметтік желісіндегі «Сырым елі» парақшасы да облыстық байқауда үздік атанды.

dav

Атап айтсақ, газет редакторы, журналист Бауыржан Ширмединұлының имамдардың ел ішіндегі беделін арттыру, халықтың діни сауатын көтеру бағытындағы «Өзіміз білмейміз, білгеннің тілін алмаймыз!» атты басылым парақшасында жарияланған мақаласы облыстық «Журналистер арасындағы дін саласы жайындағы ең үздік БАҚ жарияланымы» байқауында «Үздік әлеумттік желі материалы» аталымы бойынша жүлделі І орын алды.

dav

Әріптесімізге Батыс Қазақстан облысының прокуроры Ж.Өмірәлиевтің алғысхаты мен қаржылай сыйақы берілді.

«Сырым елі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале