17.06.2022, 17:00
Оқылды: 61

Сырым құрамасы жазғы ойындардың жүлдегері атанды

Орал қаласында өткен Батыс Қазақстан облысы ауыл жасөспірімдерінің IV-ші жазғы ойындарында Сырым ауданының құрамасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды деп хабарлайды аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов.

E2523EC6-2690-45FE-85AA-2A7A5B2BCBB7

Атап айтсақ, сырымдық спортшылар қазақ күресі, дзюдо, еркін күрестен алдарына жан салмаған. Балғын балуандар
грек-рим күресінен екінші орын алса, көп кешікпей тоғызқұмалақшылар да осы нәтижені қайталады. Үстел теннисі, асық ату, баскетбол, волейболдан жинаған жоғары ұпайлар да біздің команданың алдыңғы орыннан көрінуіне себеп болған.
Бұл жеңіске спортшылардың қажыр-қайратымен қатар, оларды тыңғылықты дайындаған жаттықтырушылар мен жетекшілердің қосқан еңбегі зор.

D95F412B-5115-409C-B388-C5BDEA7F34D0
Облыстық іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен спортшылар 25 шілде-3 тамыз күндері Талдықорған қаласында өтетін республикалық жарыста өңір намысын қорғайды.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале