24.02.2024, 18:00
Оқылды: 19

"Сырым жастары" командасы үздіктер қатарында

Жаңақала ауданында Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының қызметкерлері арасында спорттық спартакиада өтті. Жарысқа 8 аудан қатысып, “Асық ату”, “Үстел теннис”, “Шағын футбол”, “Садақ ату”, “Арқан тартыс” сынды спорттың 5 түрінен бақ сынасты.

7e79b483-1a2b-4c60-b3b9-f39cc8303049

Жарыстың нәтижесі бойынша “Сырым жастары” командасы “Садақ атудан” Турланова Айкөркем 1 орын, “Асық атудан” Бабаханов Абдувахид 1 орын, “Шағын футболдан” 2 орынға ие болып, жалпы командалық есепте 3-орынға табан тіреді.

4f61f689-7069-468d-9d86-a01c419e10e1

Спартакиаданы ұйымдастырған Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына алғыс білдіреміз.

2969f1cf-dc62-47c3-9e05-44bb25021745

Айман Өтеғалиева,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале