1.02.2021, 13:05
Оқылды: 74

Сырымда 4 жасар қыз құран оқыды

Аудандық мешітте «Иманды жас – елдің болашағы» атты құран оқу сайысы өтті. 4-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар бақ сынаған сайысқа ауданның бас имамы Әділхан Наурызбай, «Сырым» діни-қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсел Әбдуәли, мешіт ұстазы Райымбек Құсайынов қазылық етті. Одан бөлек, балалардың ата-аналары да көрермен қатарынан табылды.

СЫРЫМДА 4 ЖАСАР ҚЫЗ ҚҰРАН ОҚЫДЫ (7)

Сайыста Аср сүресіне дейін ІІІ орынды Ә.Бакит, ІІ орынды О.Қайыржан, І орынды Ф.Сүйінішқалиева иемденсе, Доха сүресіне дейін ІІІ орынға Ә.Отар, ІІ орынға М.Отар, І орынға С.Қайыржан лайық деп танылды.

СЫРЫМДА 4 ЖАСАР ҚЫЗ ҚҰРАН ОҚЫДЫ (6)

30-шы пара бойынша Ә.Отар ІІІ орын, Ф.Қайыржан ІІ орын, Ж.Майлықұл І орын иегері атанды.
Одан бөлек, ең белсенді қатысушы ретінде Иброхим Қуанышқалиев танылса, ең жас қатысушы 4 жасар Айша Ералиева «Фатиха», «Кәусар», «Ықылас», «Аср» сүрелерін оқып, көпті таңдай қақтырды.

СЫРЫМДА 4 ЖАСАР ҚЫЗ ҚҰРАН ОҚЫДЫ (3)55556666

Әттең, осы жақсы үрдіске назар аудара отырып, төрде отырған егде жастағы адамдар арасында құран оқымақ түгілі, бір сүре білмейтін үлкендердің бары ұят.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале