Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

14.12.2022, 23:31
Оқылды: 30
Сырымда аудандық спартакиада қорытындыланды

Бүгін Сырым ауданында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мекеме қызметкерлері арасындағы күзгі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті.

EAA03C3D-CB60-4F0C-BACF-3665E17E45B6

Дәстүрлі спартакиада 7 спорт түрінен: шағын футбол, арқан тарту, асық ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, стритбол, волейболдан өтіп, «Айбын», «Алаш», «Білім», «Динамо»,  «Шапағат», «Аурухана», «Сырым Lуceum/сollegе», «Қ.Мырзалиев» командалары қатысты.

Шағын футболдан I орын «Динамо», II орын «Алаш», III орын «Шапағат» командаларына бұйырды. Арқан тарту сайысында «Алаш» І,  «Білім» ІІ, «Сырым Lуceum/сollegе» ІІІ орындарды иеленді. Асық атудан «Алаш», «Шапағат», «Айбын» командалары тиісінше І, ІІ, ІІІ орындарын бөлісті.

D12E8D47-A90F-4908-B70A-44267AA8014C

Үстел теннисінен «Сырым Lуceum/сollegе» бірінші, «Алаш» екінші, «Білім» үшінші орындарға ие болды. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша «Білім» І, «Сырым Lуceum/сollegе» ІІ, «Қ.Мырзалиев» ІІІ жүлдені қанжығаларына байлады. Ұлдар арасындағы стритболда І орын «Білім», ІІ орын «Алаш»,  ІІІ орын «Қ.Мырзалиев» командаларына тиесілі болды.

Ал осы көше добы ойынының бұрымдылар  бәсекесінде «Қ.Мырзалиев» жеңімпаз деп танылып, «Айбын» екінші, «Сырым Lуceum/сollegе» үшінші орындарды бөлісті. Волейбол   ойынында «Білім» командасы ұтып, «Алаш» пен «Қ.Мырзалиев» екінші, үшінші жүлделерді иеленді.

FAB6085F-576E-4FF2-B7A9-4E0ADD001253

Аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев спартакиаданың жабылуымен құттықтап, жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командаларды марапаттады. Жалпы есепте «Алаш» оқ бойы озық көрініп, жеңіске жетті. «Білім» командасы ІІ, «Сырым Lуceum/сollegе» ІІІ орындарды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, кубок, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале