14.02.2024, 22:42
Оқылды: 33

Сырымда Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Сырым елінде Ауған соғысы ардагерлері үшін құрметке бөленген күн болды.

ce848306-2081-4497-835e-b8cbe7e8906f

Оған себеп, ән байқауынан бастау алған шаралар тізбегі, А.Ғұсмановқа арналған турнирге, интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым етуге, аудан әкімінің қабылдауына ұласып, “Ауғанның отты жалыны” атты салтанатты шарасымен түйінделді.

7C7523AB-0A3E-42A6-8F82-E77C15C27382

- Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі – әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Биыл – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді ардақтау мақсатында осындай шара ұйымдастырылып отыр. Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған Ауған соғысына ауданымыздан да бірқатар азаматтар қатысты. Бүгінде батыр ағаларымыз ортамызда жүр. Олардың ерліктерін насихаттау – біздің басты назарымызда.

Жылдар өткен сайын Ауған соғысына қатысқан ардагер ағаларымыздың ерлігі ұмытылмай, ауданымызда көптеген іс-шаралар өткізіліп, барлық мектептерде кейінгі ұрпаққа олардың ерліктері ұлықталып келеді. Егеменді елдігіміздің бүгінгі таңдағы жетіп отырған жетістігі осындай батыр бабаларымыздың төккен қандары мен қайтпас қайсар ерліктерінің арқасы. Сондықтан бабалар ерлігін ешқашан ұмытпауға тиіспіз,- деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.

0f8291f5-9155-4e2f-980b-4862dc21fd02

Салтанатты шарада аудан басшысы Қазақстан ардагерлер қауымдастығы “Бауыржан Момышұлы” атындағы медальдарды Мұрат Айдархановтың, Ермек Рахметовтың, Аяпберген Төлепбергеновтің, Ғаділ Қазиевтің, Жанболат Матышовтың, Қази Төлегеновтің өңіріне тақса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев алғысхат табыстады.

Сұрапыл соғысты басынан өткерген, бейбіт өмірдің шаттығын жете түсінген ардагерлер атынан Мұрат Айдарханов өздеріне құрмет көрсеткен жерлестерге, аудан әкімдігіне алғыс айтты.

22E2B0BC-769F-4535-A2A3-249704E5F874

М.Айдархановтың сөзін Ғаділ Қазиев “Письмо отца” әнімен жалғағандай.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауындағы әуезді әндермен, “Үлгілі Аружан” би ансамблінің мың бұралған биімен жалғасын тауып, кештің әдемі нүктесі қойылды.

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале