31.10.2017, 17:31
Оқылды: 20

Сырымда ауылшаруашылық кооперативтерінің мәселеріне арналған оқыту семинары аяқталды

IMG_4272Бүгін Сырым ауданында ауылшаруашылық кооперативтерінің төрағалары мен жергілікті атқарушы органдардың мамандарға арналған оқыту семинары аяқталды.

Қазіргі күні Сырым ауданы бойынша 21 ауылшаруашылығы кооперативі жұмыс жасауда. Оның ішінде 17 кооператив ірі қара малдарды селекциялық асылдандыру жұмысымен, ал 4 кооператив бұқашықтарды бордақылаумен айналысып жатыр. Ендігі міндет осы кооперативтердің жұмысын әрі қарай дамыту үшін ақпараттық қолдау көрсету, салық салу, бухгалтерлік есепке алу, АШК аудит мәселелері мен заңдық нормаларды түсіндіру болып отыр. Оқыту семинарының негізгі мақсаты – осы.

. Семинардың жұмысына ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов, БҚО ауылшаруашылығы басқармасы кооперация бөлімінің басшысы Жандос Шайжанов, ҚР АШМ кооперация департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев, аграрлық несие корпорациясының кеңесшісі Азамат Темірғалиев, ауылшаруашылын қаржылай қолдау қорының несие жөніндегі бас менеджері Ержан Есенгубеков қатысты. Негізгі дәрісті агроконсалтинг ғылыми орталығының басшысы Ұлан Қасқабаев жүргізді.

Осы күні семинардың шақырулы қонақтары Жымпиты ауылының тұрғыны Мәншүк Жәкібаеваның шағын мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Мемлекеттен 1 млн 800 мың теңге несие алған «Мейірім» жеке кәсіпкерлігінің алаңында бүгінгі күні 11 бас ірі қара бордақыланып жатыр.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале