14.04.2021, 14:22
Оқылды: 50

Сырымда «Ауызашар қоржыны» таратылуда

Рамазан айының құрметіне Сырым ауданында «Ауызашар қоржыны» таратылуда.

85783F8A-6DB2-4F31-8D38-3C8B2DD682E8

- Бұған дейін ауызашар дастарханы мешітте жайылатын еді. Пандемияға байланысты былтырдан бастап дәмдерді үйлерге тараттық. Бұл тиімді әдіс болды. Мешітке келуге денсаулығы жетпейтін үлкен кісілер, тіпті балалар да қуанды. Биыл сол үрдіс оң жалғасын табуда. Рамазанның алғашқы күні аудандық мешіт Жымпиты, Өлеңті ауылдарындағы 70 адамға «Ауызашар қоржынын» таратты. Жымпиты – тоғыз жолдың түйіскен жерінде тұр. Ауданның үстімен өткен жолаушылардың арасында да ауыз бекіткендер болуы мүмкін. Оларға да ауызашар ұйымдастыру ойымызда бар, – дейді ауданның бас имамы Әділхан Наурызбай.

B7961512-2933-4F36-85F6-FB5133B2BFCE

Сауапқа таласқан сырымдықтар халыққа ауызашар беру үшін аудандық мешітке әлдеқашан тізімделіп қойған. Бүгінде 30 күннің дәміне демеушілік жасайтын адам, жанұялар кезегін күтіп дайын отыр. Қоржын тек дәмнен тұрмайды. Ішінде хадистер мен қазақтың аталы сөздері жазылған Рамазан сәлемдемесі бар.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале