18.03.2024, 23:50
Оқылды: 81

Сырымда батагөйлер бақ сынады

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесінің қолдауымен, аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Батамен ел көгерер» атты аудандық бата берушілер сайысы өтті.

7154b4c3-5579-4818-a3a9-1d3d35d73e45

Байқауға Жымпиты, Тоғанас, Жамбыл ауылдарынан 16-70 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады.

e096c115-cce9-485b-b15a-78c3567b4a4e

Яғни, олар Отанға, елге, туған жерге байланысты, сондай - ақ жеребе тастау арқылы дастархан батасы, келінге, жастарға беретін бата, алыс сапарға жол жүрушіге беретін бата бойынша сынға түсті.

IMG-20240318-WA0048

Байқау қорытындысында әділ қазылардың  шешімімен жамбылдық Мәди Қайыров «Үздік батагөй», жымпитылық Азамат Құдияров «Ерекше батагөй», тоғанастық Қобылан  Демеуетов «Ерекше батагөй» аталымдарына ие болып Алғыс хаттар мен марапатталып, иықтарына ұлттық киім шапан жабылды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале