10.12.2021, 23:58
Оқылды: 153

Сырымда «Библиоқошемет» кеші өтті

Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы оқырмандарына арнап әсерлі, танымдық шара өткізді.

EEA0C4E0-0FD8-40C2-8B9F-2701FF122426

Салтанатты шарада арнайы кітап көрмелері, "30 кітап макеті", "Лебіздер бұрышы" секілді көрнекіліктер көз тартып тұрса, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "30 жылдыққа - 30 кітап" рухани мәдени акциясы да оқырмандарды еріксіз ұйытты.

Олай дейтініміз, әр округтен келген кітапханашылар проза, поэзия, драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанры сияқты бірқатар жанрдағы әдебиеттерден үзінділер оқыды.

2ACF2EF3-1082-4A3B-870B-690E359C15C8

"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында "Бір ұжым - бір кітап" жобасы да ауданымызда белсенді түрде қолға алынған болатын. Нәтижесінде, аудандық, ауылдық кітапхана, мемлекеттік мекемелер арасында жыл бойы әр жанр бойынша әдебиеттер оқылып, ең үздік оқырмандарды аудандық кітапхана директоры Айнұр Уәлиахметова кеш соңында марапаттады.

E246CFC8-946B-41E1-86A9-12B0B3A9E428

Одан бөлек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіз Қазақстан: кеше, бүгін және ертең", "Парасат жолы" жобасы аясында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбындағы эссе байқауының, "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған "Салт-дәстүр - ұлттық тәрбиенің негізі" тақырыбындағы онлайн байқауының жеңімпаздарына кітапханашы Дина Қажғалиева диплом мен естелік сыйлықтар табыс етті.

0937F93D-7590-4725-BCA0-5354A381F6F8

87DCB862-8688-4A7B-AADB-B19AF6C4347B

F766ADC5-C9D6-427F-BFCA-4A50ABE25706
Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале