6.07.2020, 14:46
Оқылды: 56

Сырымда Елорда күніне орай көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді  

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынған үш қабатты 36 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылуына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

EF0CF860-2FF7-4875-BCD7-6BF33BC141F5

Құны 410 млн. 291 мың теңгені құрайтын баспананың құрылысы 2019 жылы басталды. Мердігер -«БатысКотломонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалпы аумағы 2165 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұрады. Құрылыс жұмыстарына 30 пайыз жұмысшы жергілікті жерден тартылыпты. Үйдің ауласына асфальт төселіп, балалар ойын алаңы мен автотұрақ салынған. Айта кетейік, бұл – үшқабатты типтегі Жымпитыдағы бірінші тұрғын үй.

3CB7AAC6-07ED-4474-9621-F7297EE92B4C

- Бүгін Елорда күні қарсаңында жымпитылық 36 жанұя жаңа қонысқа ие болды. Олардың арасында 18 көпбалалы ана жаңа пәтердің кілтін қолдарына алды. Осы арқылы аудан орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналардың барлығы баспанамен қамтылды. Бұдан бөлек, үйлі болғандардың қатарында сала қызметкерлері, жастайынан жетім өскен бауырларымыз бар. Қоныстарыңыз құтты болсын! Елорда – егемендіктің бет – бейнесі, ел экономикасының авангарды. Сіздердің өмірлеріңіздегі жақсылықтың әсем қаланың туған күнімен орайласқанына қуаныштымын! – деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.

5C3AED38-9F9C-4753-8630-A472DC9D1D72

Карантин тәртібіне байланысты пәтер кілттері салтанатты түрде табысталған жоқ. Барлығына подъездерінің алдында үлестірілді. Дегенмен, арман болған баспанасының кілтін қолына ұстаған жандардың жарқын күлкісі, пәтерден-пәтерге жалғасқан құттықтау лебіздер, шашу шашқан аналар Қарасу мөлтекауданын берекеге бөлеп, пандемияны сәл де болса ұмыттырды.

B6B3371F-5FFE-440B-A35F-62E22151E306

Салтанатты шарадан кейін «Құтты болсын!» айтып, Бейбіт Райсов пен Имашева Эльмира көпбалалы жанұясының жаңа қонысына кіріп шықтық.

- 2015 жылы тұрғын үй кезегіне тұрдық. 6 бала тәрбиелеп отырмыз. Өзім – «Күміс алқа» иегерімін. Бала үшін, әрине, ең әуелі тәрбие мен білім, сосын жайлы баспана керек. Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Жаңа үйге ие болып жатырмыз. Бүгін мен сияқты 18 ана жаңа пәтерге ие болды. Мемлекеттің қолдауы деген осы! Ел аман, аналар бақытты болсын! – дейді Эльмира ханым.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале