1.05.2021, 20:16
Оқылды: 77

Сырымда мерекеге орай жолаушыларға ауызашар қоржындары таратылды

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық мешіттің ұйымдастыруымен жолаушыларға "Тоқта, қане, Бауырым, берік болса ауызың" атты ауызашар қоржынын тарату шарасы өткізілді.

IMG_20210501_154120_946

Шараның мақсаты - бірлігі бекем еліміздің татулығын өзге ұлт өкілдеріне көрсету, қасиетті Рамазан айында жолаушыларға ауызашар беріп, сауабын, ризашылығын алу.

IMG_20210501_154121_073

- Бір ерекшелігі, мейрамды сезгендей, өзге ұлт өкілдерімен жиі ұшырасып, олардың да алғысына бөлендік. Қуантарлығы, көбіне көлік салонында отырғандардың барлығы ауыз бекіткен жандарды да көрдік. Бірлік күнімен тұстасып келген оразаның он сегізінші күніне дейін 1120 ауызашар қоржынын таратып үлгеріппіз, - дейді аудандық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбай.

IMG_20210501_154121_143

IMG_20210501_154120_808

IMG_20210501_154120_735

IMG_20210501_154121_191

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале