8.01.2020, 11:54
Оқылды: 116

Сырымда мешіт жанындағы сауат ашу лагері жұмысын аяқтады

Бүгін Сырым аудандық орталық мешітінде балаларға арналған қысқы сауат ашу лагері аяқталды.

syrym meshit (2)

Бір апта бойы 8 шәкірт ұстаздардан Құран үйреніп, ата-ананы қадірлеу, Отанды сүю, елге еңбек ету жөнінде тәрбие сабақтарын алды.

-Мешіт жанынан сауат ашу лагерін екінші мәрте ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз – балалардың бос уақытын тиімді пайдалану әрі бойына ислами құндылықтар мен ұлттық рухты жинаған жастардың тәрбиесіне үлес қосу. Себебі біздің ұлттық салт-дәстүріміздің діңгегі – дін. Шәкірттер алғыр. Олардың білім алуға, шариғат үйренуге деген ынталары қуантады,- дейді мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбай.

syrym meshit (1)

Лагерь қатысушыларының барлығына сертификат, ал белсенді шәкірттерге арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале