15.07.2021, 9:41
Оқылды: 76

Сырымда мониторингтік топ рейдке шықты

Аудандық мониторингтік топ мүшелері, Сырым ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ләззат Мұқанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, бұқаралық ақпарат өкілдері бірқатар кәсіпкерлік субъектілердегі санитариялық сақтандыру, індетке қарсы вакцинациялаудағы түсінік жұмыстарын жүргізді.

FB_IMG_1626287075842

Аудан орталығындағы жанар-жағармай бекеттері, жол бойындағы қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендерінің қызмет көрсету орындарында рейд жүргізді.

FB_IMG_1626287055242

- Мониторинг барысында маскасыз келген клиенттер де, бетпердесіз сатушы да, антисептиксіз жағармай бекеттері де кездесті. Сақтық шараларын қолға алмай, деннің саулығына салғырт қарағандарға келесі жолы бірден айыппұл салынбақ. Одан бөлек, COVID-19 індетіне қарсы вакцинациялауға түсінік жұмыстарын жүргіздік. Аудан тұрғындары жаппай вакцина алған кезде ғана ұжымдық иммунитет қалыптастырамыз. Өз жағдайымызды өзіміз ушықтырмауымыз керек, - дейді Л.Мұқанова.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале