9.02.2021, 9:21
Оқылды: 112

Сырымда Мұқағалиға арналған мүшәйра өтті

Сырым ауданында қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған аудандық жыр мүшәйрасы өтті.

20210209_001538

Мүшәйраға ауданның ауылдық округтерінен ақындар қатысты. Шығармашылық жұмыстар жазбаша нұсқада қабылданып, әділ қазылар алқасының шешімімен қорытындыланды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынға М.Есентемірова, Н.Мұстафиева, А.Ихсанова, ІІ орынға А.Мырзағалиев, Я.Әмірғалиева лайық деп танылды.
Жүлделі І орын алғабастық ақын Нұрлан Төлеуішовке, бас жүлде шағырлойлық Абзал Каримоллинге бұйырды.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале