6.08.2021, 17:06
Оқылды: 70

Сырымда музейдің жаңа ғимаратының реконструкциялау жұмысы басталды

 

Сырым ауданы орталығындағы Жымпитыға кіре берістегі Алашорда көшесінде музейдің жаңа ғимаратын реконструкциялау жұмысы жүргізілуде.

сырым (6)

Жымпитыға жұмыс сапарымен келген облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев пен аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева арнайы барып реконструкциялау жұмысының барысымен танысты.

сырым (1)

Құны 179 млн теңге көлеміндегі жоба мердігері - "Компания Строй Индустрия" ЖШС.

сырым (2)

Аталмыш мердігер компанияның облыстық филиал директорының орынбасары Тимур Бекетовтың айтуынша, шілдеде басталған жобаны қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарда тұрса, қазір жұмыстың 25 пайызы жасалған. Жергілікті 30 жұмысшы қарқынды еңбек етуде.

сырым (3)

 

Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале