20.01.2021, 9:19
Оқылды: 104

Сырымда волонтерлар қар аршып берді

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі және БҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сырым аудандық пробация қызметі бірлесіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, - деп жазды жастар ұйымының желідегі ресми парақшасы.

139952334_2818440731804581_2550522582522435673_n

Нақтырақ айтсақ, ауданда пробациялық есепте тұрған тұлғалар мен волонтер жастар «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында аудан орталығында тұратын еңбек ардагерлері Райса Тажмұханова, Әмина Ашықпаеваның тұрғын үйлеріне барып, аулаларын күртік қардан тазартып берген.

Атқарылған іске риза болған ақ жаулықты апаларымыз жастарға ақ баталарын жаудырыпты.

139784025_2818440788471242_2699979146184529425_n

`Syrym eli`

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале