19.05.2021, 9:20
Оқылды: 192

Сырымда "Жас дарын-2021" дарындылар шеруі өтті

Аудандық "Жас дарын-2021" дарындылар шеруі өтті. Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жас дарындарды жетістіктерімен құттықтап, халықаралық, республикалық пән олимпиадаларынан жүлде алған, ғылыми жобалар байқауының, республикалық турнирдің жүлдегер оқушыларын марапаттады.

FB_IMG_1621375832692

Шарада халықаралық байқаулардың жүлдегерлері А.Ғиниятова, Г.Сағидуллиева, А.Мереке, Д.Болат, Я.Сұлтанқұби, А.Нұржанова, А.Ерғазы, Д.Жолдығали, Ә.Құмарғали, Р.Құмарғали, Д.Құмарғали, Б.Жолдығали, Ж.Мағжанова аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, бірқатар белсенді оқу озаттары мен оқу екпінділерінің де есімдері аталды.
Республикалық  байқауларда орын алған А.Сарқұл, Н.Амандық, Н.Утепова, А.Әлмұратова, Е.Құттыбай, А.Ажгалиева, А.Мереке, А.Қоңырова, О.Бақи, Н.Аманжол, Е.Еркін, Ә.Садық, Н.Төлеу, т.б. өрендер марапатталды.

FB_IMG_1621375835286

Сонымен қатар аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары, Үлгілі "Аружан", Үлгілі "Айналайын", "Керім-ай" би топтары марапатталды.

Халықаралық, республикалық, облыстық додаларда топ жарған жекелей оқушыларға алғыс хат табысталды.
Спорттық жарыстардың командалық, жекелеген жүлдегерлері де марапатталды.

IMG_20210519_041234_348

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале