3.06.2021, 23:00
Оқылды: 63

Сырымда "Жасыл ел" жұмысын бастады

Сырым ауданында "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары І кезеңіндегі жұмысын бастады. Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ғимаратының ауласында "Жасыл ел" сарбаздарына арнайы киімдер табысталды. Аудан орталығының абаттануына өз үлесін қосқалы отырған жастарға Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Нұрмағамбетұлы сәттілік тіледі.

 IMG-20210603-WA0270

Айта кету керек, биылғы жылы "Жасыл ел" жасағына аудан бойынша 15 жас қабылданған болатын. 7 сарбаз аудан орталығының, 5 сарбаз Бұлдырты ауылдық округінің, 3 сарбаз Жетікөл ауылының көгалдануы үшін еңбек етпек.

IMG-20210603-WA0271

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұртілеу Болаттың айтуынша, аудан орталығы Жымпитыдан бөлек былтыр бұлдыртылық жастар жұмыспен қамтылса, биыл ол қатарды Жетікөлдің жастары толықтырған. Бұл үрдісті жыл сайын жаңартып, әр жылда 1 округтен қосылмақшы екенін тілге тиек етті.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале