26.05.2026, 21:45
Оқылды: 6

Сырымда жол құрылысы қарқынды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автокөлік жолының Сырым ауданы аумағындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
17d9c1b9-f784-42ee-a288-3c270bdfe960
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Аталған жолдың 369-408 шақырым аралығы Сырым ауданы аумағымен өтеді. Бұл бағыт — аудан тұрғындары үшін стратегиялық маңызы бар күре жолдардың бірі. Күн сайын мыңдаған көлік қатынайтын трасса өңірдегі кәсіпкерлік, тасымал және тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызды рөл атқарады.
жол Сырым БҚО әкімдігі фотосы
Жобаға сәйкес, жолдың аталған бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігер ұйым — «ТОБИ» ЖШС. Тапсырыс беруші — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалы.
Жобаның жалпы құны 6,8 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында басталып, осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған.
жол Сырым БҚО әкімдігі фотосы
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале