21.09.2020, 18:19
Оқылды: 56

Сырымда жол сапасын бақылау жұмыстары жүргізілді

Бүгін Сырым аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, «Nur Otan» партиясының бақылау тобы аудан орталығында жөндеу жүргізілген көшелерді аралап, құрылыс сапасын көрді.

жол2

Олар Қазақстан көшесіндегі жолға төселген өрнектас пен жол жиегіне құйылған цементті бақылады. Қазпошта мен прокуратура ғимараттарына баратын жүргінші жолының сапасына қатысты «Өркен-Сервиске» ескертпелер айтты. Ж. Досмұхамедов көшесіндегі асфальт құю жұмыстарына орай мердігер «Марасант» ЖШС-нен жолдың сапалы жөнделуін қадағалауды сұрады.

Депутаттық бақылау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале