10.02.2022, 18:26
Оқылды: 42

Сырымдағы есептік кездесуде ауыл тұрғыны ерекше ұсыныс айтты

Әрбір округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, тиісінше шешілгенін қалайды.

Жастар атынан, ауыл тұрғындары атынан Сырым ауданының алғабастық тұрғыны Нұрболат Жұмағазиев кешегі өткен Алғабас ауылдық округ әкімінің есептік кездесуінде мінберге ұсыныс суреттер алып шықты. 

IMG-20220210-WA0062

Ондағы мақсат, мәселені дау-дамаймен шешу емес. Бейбіт түрде, азаматтық пікірін айтып, нақты ұсыныстарды ортаға салды.

Нұрболат көтерген өзекте мәселенің бірі мектепке дейін балалар кедергісіз келуі үшін жаяу жүргінші жолын салу мәселесі.

- Дамыған елдердің қатарындамыз деп төсімізді кереміз. Бұл мәселе тек біздің ауылда өзекті болып тұрмағаны белгілі. Көктем болса, күз болса бауырмал балшықта бала түгілі, ересек адамдар зорға жүреді. Болашағымыз -  балаларымыздың алаңсыз білім алуы үшін, жол мәселесі шешілу керек,-дейді жанашыр азамат.

Одан бөлек, «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді- демекші, Алғабас ауылына кіре берістегі жолдың жиегіне, 1-2 шақырымға болса да ағаштар отырғызсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ауыл әкімі бастаса, жастар қолдауға дайын, -дейді Н.Жұмағазиев.

IMG-20220210-WA0063

Ауыл азаматының жанайқайына Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев мәселелердің біртіндеп шешілетінін айтты.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале