30.09.2024, 17:45
Оқылды: 109

Сырымдағы учаскелік референдум комиссияларында «ашық есік» күні өтті

Бүгін облыстық аумақтық референдум комиссиясының бастамасымен, Сырым аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен ауданның барлық 27 учаскелік рефендум комиссиясында «ашық есік» күні өтті.

69D6FDD0-8428-44EB-BD67-C341E68D6155

Ашық есік күнінің мақсаты – дауыс берушілерге референдумнің маңыздылығын түсіндіру, ҚР «Референдум туралы» Заңына түсінік беру, дауыс беру тәртібін түсіндіру, 6 қазан күні учаскелік референдум комиссиясына келіп, өз таңдауын жасауға шақыру.

Референдум комиссияларының «ашық есік» күнінде өткен жеке қабылдауға 115 адам келіп, референдумды өткізуге қатысты сұрақ-сауалдарына жауап алды.

Азаматтар тізімдегі өздері туралы ақпаратты, дауыс беру күні, уақыты, орны туралы ақпаратты нақтылады. Дауыс беру күні белгілі себептермен референдум учаскелеріне келе алмайтындар жазбаша өтініш беру арқылы конституциялық құқығын жүзеге асыруға болатыны түсіндірілді.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале