Бүгін Алматы қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты басталды.
Ертеңгі жарыс күнінде ел намысын қорғау үшін Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, сырымдық Нұрсұлтан Зайзағалиев бозкілемге шығады. Жарысты QAZSPORT және іppon.tv арналары таңғы сағат 8:55-тен бастап тікелей трансляция жасайды.
Нұрсұлтан Зайзағалиев 2003 жылы Сырым ауданы, Жетікөл ауылдық округінде дүниеге келді. Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Әскер Нұрмұхановтан тәлім алған бала күнінде-ақ халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды.
www.іppon.org сайтының хабарлауынша, 60 келіден төмен салмақтағы Нұрсұлтан Зайзағалиев әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін бразилиялық KIWADA Caio-мен өткізеді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер