Сырым аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Шарада аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сөз сөйлеп, тәулік бойы халық денсаулығы күзетінде тұрған шипагер қауымды кәсіби мерекесімен құттықтады. Мереке аясында аудандық аурухананың директоры Елдос Мағзомға тұрғын үй кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласының үздіктеріне жоғары деңгейдегі марапаттар тапсырылды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхатымен акушер Өркен Кереева, ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғысхатымен невролог дәрігер Жансая Хасанова, жалпы тәжірибелік дәрігер Мунира Сембаева, бас медбике Әсел Қалбаева, бас бухгалтер Қалима Балмашева және мейіргер Зере Матыбаева марапатталды. Сонымен қатар емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен Ұлттық сараптама орталығының және обаға қарсы күрес бөлімшесінің бірнеше қызметкеріне аудан әкімінің алғысхаттары берілді.

Шара барысында аудандық «Сырым елі» газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы ақ халатты жандарға өлең жолдарын арнап, аурухана ұжымына естелік сыйлықтарын табыстады.
Жиын соңы аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы