9.06.2021, 22:18
Оқылды: 73

Сырымдық қос мемқызметкер марапатталды

Бүгін Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай "Үздік жас мемлекеттік қызметші" атты облыстық байқау өтті.

20210609_221350

Жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау және олардың кәсіби тәжірибесі мен мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында​ әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында өткен байқауда Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Райымбек Құлтемір белсенді қатысқаны үшін алғысхат иегері атанса, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Перизат Илашева "Үздік білімді" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

20210609_221330

-​ Байқауда Орал қаласынан бөлек әрбір аудандардың 20-дан астам жас мемлекеттік қызметшілері бақ сынады. Алғашқы іріктеу кезеңінде әр қатысушы өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салса, іріктеуден суырылып шыққандар екінші кезеңде тарих, заң, мемлекеттік бағдарламалар бағытындағы сұрақтарға жауап беріп, өзара пікірталас сайысынан жеңімпаздар анықталды, - дейді Перизат Болатқызы.

Қатысушылар мен жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан алғысхаттар табысталды.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале