Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
25 Қыркүйек 2021

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды
25 Қыркүйек 2021

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен
24 Қыркүйек 2021

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен

Көшерге арнап әндерін...
24 Қыркүйек 2021

Көшерге арнап әндерін...

Айналаң күл-қоқысқа айналса...
24 Қыркүйек 2021

Айналаң күл-қоқысқа айналса...

Орынбек олжалы оралды
24 Қыркүйек 2021

Орынбек олжалы оралды

Соңғы жаңалықтар
24 Қыркүйек
30.06.2021, 14:43
Оқылды: 90
Сырымдық құсшы Қожаберген

Қазіргі таңда балалар арасында ғылыми жоба қорғау етек алды. Әрине, жас ұрпақтың ғылымға құштар болғаны жақсы, алайда еңбек тәрбиесі бұл жерде тыс қалып жатады. Оқушылар бұрынғыдай мектепте кезекші болып еден жумайды, мектепте сарамандық жұмыстан (әктеу, сырлау, ағаш, гүлдерді суару) өтпейді. Ал ата-аналарымыз оқушы кезінде тіпті сарамандық жұмыс кезінде тас та соғып, сақманда болып, қой қырыққандарын еститінбіз. Қазіргі жасөспірімдер ұзақ күнді телефонға телмірумен өткізеді. Бұл да баланың еңбектен алыстауына әсер етеді. Әйтсе де, арамызда еңбекқор өскіндер де жоқ емес екен.

 құс1

Сырым лицейінің 10-сынып оқушысы Қожаберген Нұрмұханбеттің телефонмен отыратын уақыты жоқ. Оны өзі жасап шығарған инкубаторында басылып жатқан жұмыртқалар, қағанағын жаңа жарып шыққан балапандар мен үй құстары күтіп тұр.

Ол аудандық және облыстық оқушылар арасында «Инкубаторда құс шығарып, бағып өсіру» тақырыбында химия-биология пәнінің мұғалімі Лариса Жұбанғалиеваның жетекшілігімен бизнес-жоба қорғап, бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

құс3

Қожаберген ата-анасы Қайыржан мен Жұмажанның бес перзентінің екіншісі, сабақ үлгерімі де жақсы. Қожабергеннің шаруашылыққа қызығушылығын оятқан әкесі – Қайыржан. Әкесімен бірге үйдегі қой-сиырды қарап, жем-шөбін беріп, суаруды мойнына алды. Кейіннен қоян бағуға кірісті, алайда ауданда қоян етіне деген сұраныс төмен болғандықтан, өзінің қалауымен құс бағуға көшті. Бір жылдан бері құсты бағып-күту, баптау – тек Қожабергеннің ғана мойнындағы жүк. Жақсы көретін ісі болғандықтан, жас құсшы оған жүк, салмақ деп қарамайды, жанын сала кіріседі. Оның күні таңертеңгілік құстарды аралап, өзі жасаған инкубатордағы жұмыртқаны шайқаумен басталады. Кіп-кішкентай сары ауыз балапандарды баптау біріншіден, еңбекке баулыса, екіншіден, мейірімділікке үйретеді. Өйткені, мал-жанды жақсы көрген халқымыз үй жануарларының қайсысына да мейірімділікпен қараған.

құс 4

– Инкубатор жасауды ауылдағы құсшы ағалардан көрдім, Youtube желісінен түрлі видеоларды қарадым. Тәуекелге бел байлап, қолда бар материалдардан жасап көрдім. Жылу, ауа өлшегіш-реттегіш құрылғыларды Aliexpress-тен тапсырыспен алдырттым. Алғаш жасаған инкубаторларым балапан шығаруда сапасыз болды. Соңғы жасағаным жақсы шығарады. 70-80 жұмыртқа салам, соның 80 пайызы балапанға айналады. Тауық балапаны 21 күнде шығады. Аппарат қолдан жасалғандықтан, жұмыртқаны шайқап, айналдыруды да өзім жасаймын. Алғашқы үш күнде жұмыртқа айналдырылмайды, ол кезде температура жоғары, яғни, 38 градус болуы керек. 4-18 күндері жылу температурасы 37-37,8 градусқа дейін төмендетіледі. 10-18 күндері бойы жұмыртқаны күніне екі рет айналдырып отырамын. Содан кейін инкубаторды айырып, суытам. Шығарған балапандарым сатылып кетеді. Үй тауықтарының, етті бағыттағы Пекин, Фаворит тұқымды үйректерін тапсырыспен шығарып жүрмін. Қазір халық таза, табиғи жұмыртқа тұтынғысы келетіндіктен, үй тауығының балапандары өтімді болып тұр. Жалпы, құс шаруашылығы – еңбекті ақтайтын, табысты шаруашылық. Инкубатор жасап, құсқа ден қойған алғашқы кезімде қажетті нәрселерімді алып беруге ата-анам көмектесті. Қазір балапандарым өз шығындарын артығымен өтейді, - дейді Қожаберген Қайыржанұлы.

Қожаберген үйінде өзіне пайдалану үшін 20 етті үйрек тұқымын, Леггорн, Ломан браун тұқымды 30 тауық ұстап отыр.

Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Саламат Иманғалиев жас кәсіпкерге жасы жетпеуіне байланысты әзірге Үкіметтен қолдау болмайтынын айтады. Егер үйде ресми тіркелген ересек жұмыссыз болса, сол кісінің атына кәсіпті кеңейтуге несие ала алады. Кейбір мемлекеттерде, біздің кей өңірлерде ірі кәсіпкерлер, меценаттар жаңадан кәсіп бастаған жастарға қаржылай қолдау білдіріп, инвестиция құю тәжірибесі бар. Осындай үрдіс біздің ауданда да жалғасын тауып, алдына үлкен мақсат қойған Қожабергенге демеу болса дейміз. Таудай талабы бар Қожаберген алдына таудай мақсат қойып отыр. 11- сыныпқа баратын ол мектеп бітірген соң, ветеринария мамандығын таңдап, жоғары оқу орнын бітірген соң, құс бағу ісіне теориялық бағытта, кәсіби маман ретінде кірісіп, кәсібінің аясын кеңітіп, жаңа қырынан дамытуды қалайды.

Кәсібің өрлесін, самғай бер, ауданның мақтанышы Қожаберген!

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz