3.03.2021, 22:23
Оқылды: 152

Сырымдық Нұрым - республикалық айтыстың жүлдегері атанды

Жақында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Жамбыл Жабаевтың құрметіне арналған «Жыр алыбы - Жамбыл!» атты республикалық оқушылар айтысы өтті. Онлайн түрде ұйымдастырылған сөз сайысына ел бойынша 26 ақын қатысты.

НҰРЫМ - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Бұл айтыста Батыс Қазақстан облысының атынан Ж.Ерман атындағы айтыс мектебінің шәкірті Нұрым Амангелді бақ сынады. Нұрым алғашқы айналымда Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Диас Аяғанмен айтысып, қарсыласымен тең түсті.

Сөйтіп, Нұрым республикалық айтыстың арнайы жүлдесіне ие болды. Марапат Алматы облысынан Сырым аудандық білім беру бөліміне жолданатын болды.

«SYRYM eli»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале