8.06.2022, 9:00
Оқылды: 98

Сырымдық оқушылар "әскерге аттанды"

Сырым ауданының Шағырлыой ауылында Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде жасөспірімдерді отансүйгіштікке, тәртіпке баулу мақсатында 5 күндік оқу-далалық жиын өтті.

IMG-20220607-WA0124

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов құттықтау сөз сөйлеген жиынға аудандағы әр мектептен 89 оқушы мен 14 алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

IMG-20220607-WA0081

Аталмыш шарада Ж.Досмұхамедов мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Мұқанов жиын бастығы, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің ұстазы А.Абдрахманов штаб бастығы, бұлдыртылық аталған пән мұғалімі Е.Әбдіғалиев жиын бастығының шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымдарына тағайындалды.

IMG-20220607-WA0081

Одан бөлек, жас сарбаздарға жазғы демалыс кезеңінде құқықбұзушылық пен түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Сырым ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны А.Қыдырсихов пен аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Д.Ишмұханова түсінік жұмыстарын жүргізді.

IMG-20220607-WA0083

IMG-20220607-WA0073

А.Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале