11.01.2024, 9:31
Оқылды: 54

Сырымдық оқушылардың 42 пайызы марапатталды

Өткен аптада Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті. 
IMG_0201
Қуантарлық жәйт, 600-ден астам оқушы бақ сынаған олимпиадада Сырым ауданынан қатысқан 26 оқушының 42 пайызы марапатқа ие болды.
Жүлделі ІІІ орынды қазақ сыныптарындағы орыс тілі бойынша Нұрай Тельман, орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Әлішер Халитов, Рената Камалиева иеленсе, ІІ орын құқық негіздері пәні бойынша Инабат Сағындыққа, І орын қазақстан тарихы пәнінен Сумайра Қайыржанға бұйырды.
Ал, алғыс хатқа Ақбота Қайырлы, Айсана Жамиғолла, Тұрар Оралбай, Ләйлә Қанапия, Саят Сапин, Арнұр Есқайыр өз пәндері бойынша лайық деп танылды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы, 
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале