7.07.2021, 19:43
Оқылды: 51

Сырымдық спортшылар шахматтан жүлдегер атанды

Облыс орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында спартакиада өтті.

20210707_192859

Спортшылар арасында шахматтан Сырымдық Аманжол Сергазиев, көру қабілеті төмен спортшы әйелдер арасында дойбыдан және ядро лақтыру мен дискі лақтырудан Нұрсұлу Матышева ІІ орын иеленсе, ерлер арасында ядро лақтырудан Ернар Алдамжаров ІІІ орынға табан тіреді.

Жалпы командалық есепте Сырым ауданының спортшылары шахматтан ІІ орынға лайық деп танылды.

20210707_192951

- Облыста өткен бұл спорттық шараға алғаш қатысып жүлделі орынға ие болу мен үшін үлкен жетістік. Өзімнен мықты спортшылардан тәжірибе алдым, - дейді үстел теннисінен І орын иемденген Айгерім Әленова.

20210707_192933

20210707_192917

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале