22.07.2021, 0:28
Оқылды: 121

Сырымдық тәртіп сақшылары мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуда

Күллі мұсылман қауымы үшін Құрбан айт қасиетті мереке. Осы қасиетті мейрам қарсаңында Сырым ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Әлімбекеровтың ұйымдастыруымен, әріптестері қолдап, аудандағы мұқтаж отбасыларға алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік таратылуда.

20210722_001840

- Бұл сауапты іске мұрындық болуымыз алғаш рет емес. Әріптестеріммен бірігіп Құрбан айт мерекесінде сауаптан құр қалмайық деген ниетімізбен тұрғындарға аз да болса қуаныш сыйлағымыз келеді, - дейді Ербол Еркінұлы.

20210722_001911

11 адамға арналған азық-түліктерді Сырым ауданының орталық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбай мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айбар Исламғалиевке табыстады.

20210722_001900

Ә.Наурызбай мен А.Исламғалиев мұқтаж отбасыларға аманатты жеткізетіндігін айтып, алғыстарын білдірді.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале