30.01.2020, 18:13
Оқылды: 118

Сырымдық жастар қайырымдылық қорын құрды

Еріктілер жылында Сырым ауданының ерікті жастары «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық қорын құрды.

1568714640_volonter

-Қай-қай жерде де көмекке мұқтаж жандар көп. Оларға болысу жалғыз адамның қолынан келмеуі мүмкін, көп адам біріксе, көмек бере алады. Жобамыздың негізгі мақсаты да сол –халықты жақсылықтың жолында біріктіру. Ал қордың бас демеушісі де қайырымды халық. Біз олардың есепшотымызға аударған қаражатына мұқтаж жандар мен аз қамтылған отбасыларға жәрдем беріп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырмақпыз, - дейді жоба жетекшісі, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің студенті Ержан Есжанов.

«Жүрек жылуының» ізгі бастамасын тұрғындар бірден қолдап, арнайы есепшотқа шама-шарықтары жеткенше қаржы да аудара бастапты. Соның арқасында, қор мүшелері Жымпиты ауылындағы 3 жанұяға азық-түлік алып берген көрінеді.

Айта кетелік, қор әзірге ресми тіркелмеген, қоғамдық негізде ғана жұмыс жасауда.

Егер жүрегіңіз жақсылық жасауды қаласа, сол жақсылықты «Жүрек жылуы» қоры арқылы жасайық.

«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» қайырымдылық қоры:

Каспий ГОЛД: 5169 4971 9531 5183

Халық Банк: 4405 6398 1540 4205

ЖСН\ИИН: 9810 2935 0327

Байланыс телефоны: 8 777 872 6998 (Салауат Мәдениетұлы)

 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале