1.05.2021, 12:38
Оқылды: 72

Сырымдық "Жауқазын" би ансамблі үздіктер қатарынан көрінді

Орал қаласында Халықаралық би күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тұңғыш рет "Биле, Ақжайық!" би ансамбльдерінің байқауы қорытындыланды.

20210501_123346

Аталмыш байқауда аудан намысын қорғаған Бақтыханым Лұқпанқызы жетекшілік ететін "Жауқазын" би ансамблі "Қазақ биінің стилизациясы" аталымы бойынша І орынды еншілесе, "Жеке қазақ биінің стилизациясы" Марина Жолсариева, "Жеке қазақ ұлттық биі" номинациясында Айжан Қайыржанова ІІ орынға лайық деп танылды.

Талантты шәкірттерді жетелеп, еліміздегі түрлі этностардың билеріне деген қызығушылық пен құрметті арттыруға қосқан үлесі үшін ансамбль жетекшісі Б.Лұқпанқызы Орал қаласының әкімі А.Шыныбековтың​ алғыс хатына ие болды.

20210501_123406

- Қатысушылардың басым бөлігі қалалық мектеп оқушылары. "Қарақат" би студиясының бишілері шараға белсене қатысты. Қарсыластардың арасынан суырылып шығып, көш бастаймыз деп күтпедік әрине, бірақ, төгілген тер, еңбек зая кетпеді. Үміт ақталды деп білеміз, - дейді ансамбль жетекшісі.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале