1.12.2021, 23:23
Оқылды: 79

Сырымдықтар "Атамекен" челленджін бастады

Жерлесіміз, ақиық ақын Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні бүкіл қазақ елі үшін екінші әнұран іспеттес, рухты әндердің бірі де бірегейі.

IMG-20211201-WA0221

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отырған "Атамекен" әнін насихаттауға бағытталған Сырым ауданындағы мекемелер мен білім беру ұйымдары арасындағы челлендж басталды.

IMG-20211201-WA0220

Бұл шараның шымылдығын Сырым ауданының білім беру бөлімінің қызметкерлері мен ауданның қосымша білім беру ұйымдары ұстаздары ашты.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале