4.11.2019, 10:39
Оқылды: 158

Сырымдықтар Семейден бас жүлде алды

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер-білім фестивалі өтті.

syrym (36)

 Байқауға Сырым ауданы Бұлдырты  мектебінен 7 оқушы қатысып, барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жас ақын бөлімінде Аққымбат Жарылқапова күміс жүлдеге лайық деп танылса, көркемсөз бөлімі бойынша Ақтолқын Саматқызы, Әмина Талапкер лауреат атанды. Алтынай Тұрғалиева күміс жүлде, Мадина Ермек, Бексұлтан Серік ІІ дәрежелі диплом, газетіміздің жас тілшісі Жанерке Матышева бас жүлде иемденді.

syrym (35)

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген шәкіртті жоғары нәтижеге жеткізу жолында еңбек еткен ұстаздар Гүлзия Мырза мен Зәуре Берниязова «Үздік жетекші» аталымымен марапатталды.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале