3.08.2021, 16:58
Оқылды: 257

Сырымнан Маңғыстауға мал азығы жіберілуде

Каспий мен Арал бойын жайлаған жұт жалпы қазақтың жүрегін ауыртып тұр. «Жұрт біріксе жұт жеңілдейді» - деп ұрандатып жатқаны да сондықтан.

dav

Осыған дейін сырымдық шаруалардың құр алаңдап отырмай, амал жасап, малы қырылған ағайынға жем-шөптен көмек дайындап жатқанын жазған едік. Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Усағалиевтің айтуынша, Сырым ауданында 16 шаруашылық өз қорынан 830 бума шөпті тегін ұсынып отыр. Ендігі шаруа – осы көмекті Маңғыстауға жеткізу. Бөлім басшысының сөзіне қарағанда Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысы әкімдерінің арасында мал азығымен жәрдемдесу жөнінде меморандум жасалыпты. Кешегі аптада Сырым ауданына облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов келді.

Ал Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Димаш» шаруа қожалығы 43 буманы Маңғыстауға аттандырып үлгерді.

- Мал қырылып жатыр дегенді естіп бей-жай отыра алмадық. Аз да болса үлес қой деген ниетпен, кеше Маңғыстаудан келген бір жүк көлігін толтырып, шөп тиеп жібердік. Бұл менің емес – ұжымымның, таңның атысынан кештің батысына дейін күннің астында тер төгіп жүрген пішеншілердің, механизаторлардың көмегі, – дейді қожалық жетекшісі Ербол Жұбанов.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале