16.05.2024, 10:00
Оқылды: 56

«Сырымның барысы» кім?

Сырым ауданындағы А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің залында «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің Сырым аудандық іріктеу кезеңі өтті.

442467703_1160301331650607_1774046155724671477_n

Додаға ауылдық округтер мен аудан орталығынан палуандар белдесіп, «Өгіз палуан» және «Түйе палуан» атағын сарапқа салды.

Қарсыластарынан бабы басым болған төмендегі балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.

Жымпитылық Темірлан Ғаббасов «Өгіз палуан» атанса, Әсет Нығмет екінші орынға, жосалылық Жандаулет Бауыржан үшінші орынға ие болды.

442497289_1160301788317228_6571462844087349958_n

Ал «Түйе палуан» атағына таласта өлеңтілік Нұрсұлтан Мырзахметов жеңімпаз атанды. Жосалыдан келген Аманғали Орынбасаров күміс жүлдегер атанса, алғабастық Тұрлан Мерлан қола жүлдегер атанды.

«Түйе палуан» бәсекесінің жүлдегерлерін спорт ардагері, Сырым ауданының құрметті азаматы С.Берсебаев пен спорт ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Сырым ауданының құрметті азаматы Қ.Бақтияров марапаттап, Нұрсұлтанның беліне еңбегі сіңген белдікті тақты.

442473736_1160301608317246_575936513759758466_n

«Сырым барысы» атанған Нұрсұлтан Мырзахметов 18 мамырда Бөкейорда ауданында өтетін облыстық кезеңде аудан намысын қорғайды.

«Қайсар» спорт клубы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале