20.06.2026, 12:00
Оқылды: 5

Т. Масин ауылдық округінің әкімі 10 отбасын аудандық газетке жаздырды

Ауданда мерзімді баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр.

WhatsApp Image 2026-06-20 at 00.41.56

Жергілікті басылымдардың тиражын арттыру мен ақпараттық жұмысты жандандыру мәселесі аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен оның орынбасары Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен өтетін жиындардың күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Мәселен, Т. Масин ауылдық округінің әкімі Қуантай Рашқалиев өзі жазылып қана қоймай, ауылдағы он отбасының аудандық газетке жазылуына демеушілік жасап, төл басылымның таралымын еселеуге үлес қосты. Сондай-ақ Бөрлі ауылының тұрғындары мен пошта қызметкері Гүлсара Тасболатова да бұл науқанға жыл сайын белсенді араласып келеді. Аталған ауылдың оқырмандары басылымның тұрақты қолдаушылары қатарында.

Өткен жылы да бөрлілік шаруа қожалығының иесі Мырзабай Боранбаев пен ауылдық мәдениет үйінің басшысы Айнұр Мұратова жергілікті газетке жазылу науқанына демеушілік танытқан болатын.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале