8.12.2021, 10:30
Оқылды: 90

Табыс кілті – үздіксіз білім алу

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір қадамы, қабылдаған шешімі ғасырлар бойы күткен тәуелсіздіктің тұғырын нығайтуға, оны баянды етуге бағытталып отырғандығына тағы бір мәрте көзіміз жетті.

10

Биыл еліміздің негізі бекігеніне 30 жыл толып отыр.  Қазақта "орда бұзар отыз" демей ме. Осы жылдар  ішінде біз Тұңғыш Президент басшылығымен тұрақты мемлекеттік институттар қалыптасуына, Қазақстанның әлемдік аренада толық мойындалуына, шегенделген шекара, экономика мен саясаттағы толағай табыстарға қол жеткіздік. Бұның бәрі 30 жастағы азамат үшін солай болуға тиісті, қалыпты құбылыс ретінде бағаланатыны рас. Дегенмен, мұның барлығы аға буынның, әсіресе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі мен ерік-жігерінің арқасында қол жеткізген жетістіктер екені анық. Елбасының  осынау тарихи меже тұсында қазіргі қазақстандық қоғамның бейнесін, оның құндылықтары мен бірегейлігін айқындаған негізгі оқиғаларды салмақтауы аса маңызды деп санаймын.

“Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында отыз жылдық жолымызды саралаған  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ертеңгі күнге жетелер «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын таныстырған болатын. Тәуелсіздік, Бірлік, Ел мен Жерге сүйіспеншілік, Отбасы мен Рухани құндылықтар,  Еңбек пен Білім салтанат құрған жасампаз ел болуға үндеген Елбасы қағидаттары әр қазақстандықтың қолдауына ие болғаны анық.

Бүгінгі еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген әр саналы азаматтың алдында тұрған міндет - қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалану, нәтижелі жұмыс атқару және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізу. Осы міндетті атқаруда ұстаздар қауымы алдында тұрған жауапкершілік жоғары. Өйткені, жас ұрпақты тәрбиелеу, ойы озық, жігері жалынды жастарды өсіру – біздің қолымызда. Сондықтан, біз, ұстаздар қауымы,  табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде екенін шәкірт  санасына сіңіруіміз керек.

Қарлығаш Тасанова,

Аңқаты ЖОББМ директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале