28.08.2022, 0:36
Оқылды: 83

Табысқа толы тамыз мәслихаты

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында тамыз конференциясы өтті.

IMG_20220827_234655 «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз конференциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Аудандық мәдени-демалыс орталығының дәлізінде «Роботехника» атты оқушылардың ойлап тапқан роботтарынан көрме көрсетілді. Одан әрі Қазақстанымыздың көк Туы желбіреп, әнұран шырқалды.

Алғашқы боп сөз алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақнұрлы Еслямғалиева:
- Құрметті ұстаздар сіздерді жаңа 2022-2023 оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы жылдың ерекшелігі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Балалар жылы» деп белгілеуі. Баланың дамуы және оның мүдделері біздің басты құндылығымыз. Сондықтан да үкімет олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына ерекше көңіл бөліп назар аударуда. Өздеріңізге белгілі биыл оқу-ағарту министрлігі құрылды. Жаңа оқу жылындағы басымдықтар туралы оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы республикалық тамыз кеңесінде нақты айтып өтті. Оқу жылының аяқталуы 31 мамыр деп бекітілді. Асхат Қанатұлының тағы бір атап айтқан мәселесі мектеп мұғалімдерінің, басшыларының жұмыс күні – бес күндік. Биылғы оқу жылынан бастап мектепке дейінгі ұйым жұмысының жаңа модулі қабылданды. Бұл дегеніміз білім беруді жаңадан бастау. Мектепке дейінгі ұйымның білім сапасына мән беру мен балабақшадағы тәрбиеші статусына да тоқталып өтті. Балабақша тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курстарын үш есе көбейтуді алдағы оқу жылында қарауды тапсырды.
Биылғы жаңашылдық – қазақ тілінде оқитын сыныптарда Әліппе мен Ана тілі, екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Ал орыс тілінде оқитындар үшін бірінші сыныпта қазақ тілі, орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі оқытылады. 1 қыркүйектен бастап Еңбекке баулу жаңа пән болып бөлек оқытылады. Жаңа оқу жылында жетінші сыныптан бастап болашақта мамандық таңдауға негізделген педагог-кәсіптік бағдар беруші штаты қаралды. Жаңа 2022-2023 оқу жылы жетістіктер мен жағымды жаңалықтар жылы болсын, - деп сөзін аяқтады.
Сонымен қатар Жаңақала мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Айнұр Ахонова Мектеп жасына дейінгі балаларды дәстүрден тыс ойындар арқылы жан-жақты дамыту» тақырыбында баяндама оқыса, Жаңақала мектеп гимназиясы директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Асылзада Жәрдемова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы халықаралық зерттеулерге дайындау жолдары» тақырыбында баяндамасын оқыды. Сондай-ақ Bilim Center жобасының менеджері Айдана Аққожа «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы және портфолио» тақырыбындағы жобасымен таныстырды. Қали Жантілеуов атындағы саз мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Гүлбар Шуақбаева «Қосымша білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін мектептермен бірлескен жұмыс тәсілдері» атты баяндамасын оқыды.

Кезекті тамыз кеңесінде 2021-2022 оқу жылының номинацияға ие болған ұстаздары марапатталды. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен Мерей Есімов (Жаңақала ЖОББМ), Амангелді Бекқалиев (Жаңақала ЖОББМ), Шолпан Мұхамбеталиева (Пятимар ЖОББМ), Айгүл Ізбасарова (С.Меңдешев ЖОББМ), Айнагүл Ибрашева (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Гүлнар Зайдоллақызы (М.Жүнісов ЖОББМ) марапатталды.
Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін медалі Кенже Төремұратоваға (Д.Нұрпейісова ЖОББМ) берілді.
Аудан әкімінің алғыс хатымен Айдарбек Тайров (М.Жүнісов ЖОББМ), Ақмаржан Сәрсенғалиева (Х.Нұрымғалиев ЖОББМ), Ұлболсын Бақтығалиева (Абай ЖОББМ), Светлана Зұлқашева (Айдархан ЖОББМ), Мәншүк Саркенова (Карманов «мектеп-бөбекжай-балабақша кешені), Ақтолқын Шаймарданова (М.Мирманов ЖОББМ), Ерғали Ғазезов (Е.Орақбаев ЖОББМ), Данагүл Мәулетова (Мектептен тыс жұмыс орталығы), Гүлмира Өтепова (Жаңақала балалар бөбекжайы), Ақнұр Отарғалиева (Жауқазын бөбекжайы) марапатталды.
Білім беру саласына қосқан зор үлесі, мақсатты түрде көрсеткен белсенділігі мен серіктестік ынтымақтастығы үшін алғыс хатымен ауданымыздың кәсіпкерлері Хамит Сәбенов, Амир Мырзақұлов, Ерлан Қанатов, Асхат Тілеубаев, Арайлым Сариева марапатталды.
Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасына Гүлфат Молдашева (М.Жүнісов ЖОББМ), Айша Давлетова (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Алтынбек Зейнекешов (С.Меңдешев ЖОББМ), Айдар Кәрімов (Жаңақала ЖОББМ), Гүлсара Өтешова (Х.Нұрымғалиев ЖОББМ), Дамир Батыржан (Абай ЖОББМ), Жадыра Досжанова (Айдархан ЖОББМ), Бекболат Әубекеров (№3 ЖОББМ), Ләззат Жұбандықова (Пятимар ЖОББМ), Ханзада Бейсенғалиева (Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі), Бибінұр Төлеуова (Д.Нұрпейісова ЖОББМ), Ақмарал Мусина (Жаңақала балалар бөбекжайы) ие болды.
Жаңақала ауданының білім беру бөлімінің Құрмет грамотасын Нұргүл Рахметқалиева (Ә.Жангелдин ЖОББМ), Әсел Болашақова (Карманов «мектеп-бөбекжай-балабақша кешені), Эльвира Ғұбашева «Е.Орақбаев ЖОББМ), Салтанат Әубекерова (Айдархан ЖОББМ), Сая Құрманғалиева (м.Мирманов ЖОББМ), Мөлдір Дүйсенбіқызы (Көпжасар бөбекжайы), Эльмира Шадиярова (Айгөлек бөбекжайы), Ақторғын Асқарова (Балбөбек бөбекжайы), Нұргүл Иманғалиева (Х.Нұрымғалиев ЖОББМ), Назерке Зинешова (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Альфина Бақтыгереева (Жаңақала ЖОББМ), Әкежан Жамбылов (№3 ЖОББМ), Гүлшат Меңдәлі (Жаңақала балалар бөбекжайы), Арайлым Фазылова (Мектептен тыс жұмыс орталығы), Әсел Кәрімова (Алтын сақа бөбекжайы) иеленді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Үздік нәтиже» бағамымен Жаңақала мектеп-гимназиясы марапатталса, 2021-2022 оқу жылында «Үздік әдістемелік-эстетикалық алаң қалыптастырушы» бағамымен Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі марапатталды.

«Эстетикалық тәрбиені үздік танытушы мектеп» бағамымен Хабадаш Нұрымғалиев жалпы орта білім беретін мектебі марапатталды.
Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Жаңақала аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы Тұрсын Қуановаға (С.Меңдешев ЖОББМ), Ернар Тілеушовке (Жаңақала ЖОББМ), Әсия Жақыповаға (Абай ЖОББМ), Айнұр Ахоноваға (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Татьяна Дүйсеғалиеваға (№3 ЖОББМ), Жанара Сисенғалиеваға (Д.Нұрпейісова ЖОББМ), Айгүл Қанатоваға (Пятимар ЖОББМ), Әділет Халиуллинге (Ә.Жангелдин ЖОББМ) бұйырды.
Батыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасын Ләйлә Зинуллина (М.Жүнісов ЖОББМ), Сәуле Құрманғалиева (С.Меңдешев ЖОББМ), Әділғали Жолдыбаев (№3 ЖОББМ), Гүлжамал Төлеуғалиева (Е.Орақбаев ЖОББМ), Балжан Камалова (Пятимар ЖОББМ) иеленді.
Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы Гүлсайра Бесбаеваға (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Миргүл Асановаға (Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі) бұйырды.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале