2.09.2020, 11:46
Оқылды: 752

Тайпақта 25 қой-ешкіні бұралқы ит жайратып кеткен

Жуырда Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылындағы екі тұрғынның қорасындағы қой-ешкіні бұралқы иттер жайратып кетті.

Қой

Бұдан бұрын бір бұзауды жарып кеткен төбеттер бұл жолы бақандай 25 бас малды талап тастаған.

Талағанда да, әрқайсысының жанды жерінен бір ауыз салып, әбден тойлағанға ұқсайды. Қораның іші қан-жоса.

- Бір түнде 7 бас қой-ешкімді талап кетті. Таңертең қораға кірген зайыбым ондағы сұмдықты көргенде, жағасын ұстап, дереу полицияға, аудан әкімдігіне хабарластық. Қорадағы қой-ешкінің қарнын жарған азулылар көршімнің де малын аямапты. Жайықбай Иманжановқа тиесілі 18 уақ жандықтың тек екеуі ғана бауыздауға келді. Ауыл әкімдігі бұралқы иттерді атуға бізде құзірет жоқ. Қолымыздан ештеңе келмейді деп жалтарады. Ал иттің тісіне іліккен мал үшін өтемақы төленбейді. Енді қайттік?

Бір қора малды бір түнде жайратқан бұралқылардың ертең балаларымызға ауыз салмасына кім кепіл?! Ит – жеті қазынаның бірі дейміз. Алайда, бүгінде иесіз кеткен бұралқы иттер көбейіп, айналасына қатер төндіріп отыр, - дейді ауыл тұрғыны Назар Иманғалиев.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале